Сербия Қазақстанға астық өнімділігін екі есеге арттыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербия Президенті Томислав Николич Қазақстанға шетелдік технологиялардың көмегімен астық өндірісін екі есеге арттыруды ұсынды. Бұл жайында ол Қазақстан-Сербия бизнес-форумында мәлім етті.
None
None

«Сербия тарапы көптеген ұсыныстарымен келе алады. Бұл тұрғыда тәжірибесі мол білікті кадрлар, тұқымды дайындауда елеулі мүмкіндіктер, ауыл шаруашылығы жерлерін өңдеуде қазіргі заманғы технологияларды ұсына аламыз. Кейбір есептеулер бойынша, осы технологияларды пайдалану кезінде Қазақстан орташа мерзімдегі перспективада астық өндірісін екі есеге арттыра алады. Осы орайда ауыл шаруашылығы өкілдеріне жаңа серіктестермен танысып, жақсы шарттар жасауына тілектеспін», - деді Сербия басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Сербияда бүгінде жол инфрақұрылымында, энергетикада, туризм саласында үлкен жобалар жүзеге асырылуда. Бұл тұрғыда ол қазақстандық бизнесмендерді осы жобалар бойынша тәжірибе алмасып, оларға қатысуға шақырды.

«Сербияға келіңіздер. Біздің достығымыз бен Менің уәдем еліміздегі берік бизнестеріңіз үшін кепіл болады. Ел Үкіметі қазақстандық бизнесмендер үшін барынша қолдау жасайды. Сіздердің инвестицияларыңыз сенімді әрі табысты болуына барлық жағдайды жасай аламыз», - деп түйді Томислав Николич.

Соңғы жаңалықтар