Сербиямен ауыл шаруашылығы, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс cалаларындағы қарым-қатынасты жандандыруға болады - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сербиямен ауыл шаруашылығы, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі салаларындағы қарым-қатынасты жандандыруға болады. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге тұңғыш ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Сербия Президенті Томислав Николич мырза менің шақыруыммен ресми сапармен Қазақстанға тұңғыш рет келіп отыр. Біз еліміздің атынан сәтті сапар тілейміз», - деді Елбасы.

Мемлекет басшысы Сербия Президентінің бұл сапары екі елдің арасындағы экономикалық, саяси қарым-қатынастың мұнан ары жандануына әсерін тигізеді деп санайтындығын баса атап өтті.

«Сербия мемлекетімен көптен бері Қазақстанның қарым-қатынасы бар. Бірақ, қазіргі жағдайда сауда-саттық төмендеп тұр. Еуропадағы маңызды елдердің біреуі болып саналатын Сербия мемлекетімен біздің қарым-қатынасымызды ауыл шаруашылығы, фармацевтика, денсаулық сақтау, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, көлік-коммуникация салаларында жандандыруға болады», - деді ҚР Президенті.

Елбасы, сонымен қатар, екі елдің арасында жаңадан елшілік құрылып, Астана мен Белград қаласында орналасқанын еске салды.

Соңғы жаңалықтар