Серік Сәпиевтің қарсыласы белгілі болды

АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Ғани Жайлауов жеңіске жеткен 60 келіге дейін салмақта өткен жекпе-жектен басқа 29 шілде күні Excel орталығындағы олимпиада рингінде 69 келіге дейін салмақта бәсеке өтті,
None
None

деп хабарлады Астана қаласы туризм, спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, боксшылардың рейтингтеріне сәйкес, бокстан Қазақстан ұлттық құрама командасының капитаны Серік Сәпиев жарыстардың бірінші айналымын өткізіп алып, сайысқа 3 тамызда кіріседі.

Оның қарсыласы байрақты бәсекенің екінші күнінде, Ясухиро Сузуки (Жапония) және Мехди Халси (Марокко) спортшылары арасында өткен  соңғы жекпе-жектен кейін белгілі болды. Бәсеңдеу өткен жекпе-жекте жапондық кездесудің соңғы минуттарында 14:13 есебімен жеңіске жетті.

69 келіге дейін екінші айналымның бәсекесі 3 тамызда өтеді.

Бүгін, 30 шілдеде олимпиада рингінде қазақстандық жанкүйерлер 52 келіге дейін салмақта Ілияс Сүлейменовтың жекпе-жегін тамашалай алады. Ол кешкі сессияның 5-ші жұбында (басталуы сағат 01.30-да) шведтік спортшы Нтуве Саломомен жұдырықтасады.

Соңғы жаңалықтар