Серік, сен нағыз күрескерсің, біз сені мақтан етеміз! - Мәжіліс спикері
АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин ХХХ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына жетінші алтынды салған және осынау дүбірлі додада таңдаулы боксшыға берілетін Баркер кубогының иегері атанған талантты боксшы Серік Сәпиевтың атына үкіметтік құттықтау жеделхатын жолдады.
«Барлық Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы Саяси кеңесінің атынан Лондонда өтіп жатқан ХХХ Олимпиялық ойындарда алтын медальға ие болуыңызмен шын жүректен құттықтаймын! Сен әрбір олимпиада рингіне шыққан сайын шыңдалған шеберлік танытып, айрықша еңбекқорлық пен жеңіске құштарлығыңды көрсетіп келесің. Бүгін бокстың миллиондаған жанкүйерлері спорттық шайқасты өте қызбалықпен тамашалады. Сен де Лондондағы әрбір шайқасыңда, әсіресе, шешуші сәтте жоғары біліктілік пен нағыз жеңімпаздық мінез көрсеттің. Сен нағыз күрескерсің, біз сені мақтаныш етеміз! Қазақстан боксы былғары қолғаптан шеберлігімен даңқы шаққан болатын. Бүгінде біздің еліміз әлемдік бокста ойып орын алып тұр. Сөз жоқ, Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың спортты дамытуға деген қолдауы және ерекше көңіл бөлуінің арқасында осындай нәтижеге жетіп отырмыз. Тағы да шын жүрегімнен құттықтай отырып, саған зор денсаулық пен Қазақстанның даңқын шығарар жаңа жеңістер тілеймін!», - делінген спикердің жолдаған жеделхатында.