Сеулде Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-оңтүстік кореялық үкіметаралық комиссияның 4-ші отырысы өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 14-де Сеулде Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі қазақ-оңтүстік кореялық үкіметаралық комиссияның 4-ші отырысы өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Оның барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылау жоспарланып отыр», - деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров. Айта кетейік, комиссияға Қазақстан тарапынан ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Жауапты хатшысы Асқар Баталов, ал Оңтүстік Корея тарапынан сол елдің Сыртқы істер және сауда вице-министрі Ли Ён Джон тең төрағалық жасайды.