Шағын футболдан Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында кіші футболдан әуесқойлар арасында Еуропа чемпионатында Қазақстан құрамасы жартылай финалға шықты.
Ел құрамасы ширек финалда Әзербайжанды қапы қалдырып кетті.
Ойынның негізгі кезеңі 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен жеңіп кетті.
Айта кетсек, Әзербайжан құрамасы өткен Еуропа чемпионатында жеңімпаз атанған еді.
Енді жартылай финалда қазақстандықтар Сербия және Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Ел құрамасы топтық кезеңде Англия (7:0) және Украинаны (3:2) жеңсе, Грекияға (0:1) есе жіберіп қойды.
Ал 1/8 финалла Словенияны (1:0) орта жолда қалдырып кетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лигада «Каспий» алғаш рет жеңілді.