Шағын және орта бизнес елорда экономикасының локомотиві болуы тиіс

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан астанасы жылдан-жылға қарқынды дамып келеді. Сондықтан қаланың инфрақұрылымы да жаңа тұрғындардың сұраныстарын қанағаттандыратындай, тың серпінмен  жетілдірілуі қажет.   
None
None

Елорданың ресми сайтының мәліметіне қарағанда, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі күні құрылыс қаланың жалпы өнімінің 20 пайызын құрайды.  62 пайызы шағын және орта бизнеске тиесілі. «Орта және шағын бизнес қала экономикасының  басында болу үшін біз бұл көрсеткішті  70 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», - деді әкім Ресей Федерациясы Пенза облысының губернаторы  Василий  Бочкаревпен ресми кездесуі кезінде.

«Қала өркендеп, құрылыс ауқымы  ұлғаюда - жылына біз  1,5 млн шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға береміз. Алайда, 16 миллион халқы бар республиканың ішкі көші-қоны жылына  50-60 мың адамды құрайды. Енді  5 жылдан кейін біздің есебіміз бойынша, елорда тұрғындары  700 мыңнан 1 миллион адамға дейін өседі»,- деді елорда әкімі.

Соңғы жаңалықтар