Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль алды

АСТАНА. KAZINFORM — Үндістанның Гоа қаласында шахматтан 21-30 шілде аралығында өткен әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль жеңіп алды.

Шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Дүниежүзілік додаға 18 елден 100-ден астам спортшы қатысты. Аталған дода шахматтың классика, блиц және рапид ойын түрлерінен өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша классикалық шахматтан Аяулым Қамбарова, Бақытжан Майкенов және Әлімжан Аяпов қола медаль иеленді. Блиц ойын түрінен Аяулым Қамбарова мен Бақытжан Майкенов күміс, ал Серік Солтанов пен Әлімжан Аяпов қола жүлде иеленді. Ал рапид бойынша Аяулым Қамбарова мен Әлімжан Аяпов екінші орын алды.

Еске салсақ, Малайзияның Кучинг қаласында өткен Азия чемпионатында паратаэквондо (пумсэ) бойынша қазақстандық спортшылар 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлде жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар