Шалғайдағы ауылдың балаларына жаңа мектеп есік ашты - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 17 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Қазалы ауданының Кәукей атты алыстағы ауылында жаңа мектеп үйі есігін айқара ашты.

Шалғайдағы ауылдың балаларына жаңа мектеп есік ашты  - Қызылорда облысы

Сметалық құны 520 млн. 947 мың теңге болған білім ордасы облыстық бюджеттің есебінен салынды. Оны бас мердігер «Қаза­лы Құрылыс» ЖШС 14 айда салып бітірді. Жалпы, 5 блоктан тұратын мектеп жаңа технология бөлмесі, зертхана, мәжіліс залы, оқу кабинеттерінен құралған. Дизель отыны арқылы жылытылатын 2 кіші бу қазандығы, қосымша трансформатор, қосымша стансы орнатылған. Мектепте кең спорт залы мен асхана бар.