Шаңды дауыл тұрып, қар аралас жаңбыр жауады, үсік жүреді - Қазгидромет
АСТАНА. KAZINFORM - 2 қыркүйекке Қазақстанның 16 облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Өңірлерде қатты жел соғып, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман түседі. Сондай-ақ үсік жүріп, жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Кей жерлерде жаңбыр аралас қар және қар жауады.
Абай облысының солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады: түнде облыстың батысы мен солтүстігінде, күндіз солтүстігі, шығысы мен орталығында желдің жылдамдығы 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде шығысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Ақмола облысында түнде және таңертең облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Түнде батысы, солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Астанада түнде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүреді.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі, ал облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 17–22 м/с-қа жетеді. Орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматыда түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында да жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 17–22 м/с-қа дейін жетеді.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығысы мен таулы аудандарында жаңбыр және қар аралас жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Шығыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Күндіз желдің жылдамдығы 15–20 м/с, батысы мен солтүстігінде екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында ауа температурасы 1–3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 23–28 м/с-қа, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады. Таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың орталығы мен таулы аудандарында тұман түседі. Шығысы мен таулы аудандарында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Солтүстігінде жоғары, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр және қар аралас жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Түнде батысы, солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Күндіз шығысында желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Түнде шығысында ауа температурасы 1 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Солтүстік-батысында жоғары, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Күндіз оңтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы 15–20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр және қар аралас жаңбыр түседі, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысы мен орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Солтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде топырақ бетінде 3 градусқа дейін үсік жүреді.
Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Түнде шығысында топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Осыған дейін жасыл желектің бес пайдасы туралы жаздық.