12:19, 15 Наурыз 2024 | GMT +5
Шаңғымен тұғырдан секіруден Данил Васильев FIS кубогының жеңімпазы атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Польшаның Закопане қаласында шаңғымен тұғырдан секіруден өтіп жатқан FIS кубогында қазақстандық спортшы Данил Васильев жеңіс тұғырынан көрінді.

Туризм және Спорт министрлігінің хабарлауынша, бұл – шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша Қазақстан тарихындағы алғашқы жеңіс.
Сонымен қатар осы жарыста бақ сынаған Канвон-2024 қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы Илья Мизерн 15-орынға табан тіреді.
FIS кубогы
1-орын – Қазақстан - Данил Васильев - 249.4 ұпай
2-орын – Германия - Мартин Хамам - 247.5 ұпай
3-орын – Австрия - Ульрих Волгенант - 246.5 ұпай
Аталған додаға 13 елден 78 спортшы қатысып жатыр. Жарыс бүгін аяқталады.