Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің жастар делегациясы Үрімжі қаласына келді

ҮРІМЖІ. 22 тамыз. ҚазАқпарат - ШЫҰ мүше елдердің жастар делегациясы Үрімжі қаласындағы жоғары ғылыми-технологияларды  дамыту базасында болып, оның техникалық-экономикалық даму жоспарымен танысты.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің жастар делегациясы  Үрімжі қаласына келді

Сондай-ақ олар Үрімжі ауданындағы табиғи жел энергиясын өндіретін зауытты аралады. Экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында салынған «Алтын жел» атты бұл зауыттағы жел генераторларының қуаты 1500 кВт. Бұл зауытта 2010 жылы жалпы қуаты 6000 МВт-ты құрайтын жел генераторлары орнатылған.

-  Қытайдың солтүстік батыс аймағында орналасқан.

Шынжаң-Ұйғыр автономиялы өлкесі 1,66 млн. шаршы метрді алып жатыр. ШҰАӨ Моңғолия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Пәкістан және Үндістанмен шектеседі. Ұлы Жібек жолындағы бұл өлкеде 47 ұлыстан құралған 21,81 млн, халық тұрады.