Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шарын паркінің фототұзағына Қызыл кітаптағы қарақұйрықтар ілікті

АСТАНА. KAZINFORM — Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықтар фототұзаққа түсіп қалды.  

Шарын паркінің фототұзағына Қызыл кітаптағы қарақұйрықтар ілікті
Фото: видеодан алынған скрин

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген сирек кездесетін жануар – қарақұйрық (Gazella subgutturosa) тіркелді.

Қарақұйрық – шөл және шөлейтті аймақтарды мекендейді, өте сақ әрі жүйрік жануар.

Ұлттық парк аумағында сирек кездесетін жануарларды қорғау және олардың табиғи мекендеу ортасын сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Сонымен қатар, фототұзақ құрылғылары арқылы жануарлар дүниесіне тұрақты мониторинг жасалып, олардың таралуы, саны және тіршілік ерекшеліктері бақылауға алынады. 

Айта кетелік Құсбегілік федерациясының мүшесінен Қызыл кітапқа енген 35 жыртқыш құс тәркіленген еді.