Шарын ұлттық паркінің аумағында фототұзаққа шибөрі түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Шарын ұлттық паркінің аумағында орнатылған фототұзаққа шибөрі (Canis aureus) түсірілді. 

Шарын ұлттық паркінің аумағында фототұзаққа шибөрі түсіп қалды
Фото: видеодан алынған скрин

Бұл жыртқыш – экожүйедегі табиғи тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқаратын түр.

Экожүйеде өлексені жоятын және ұсақ аң-құстар санын реттейтін биореттеуші рөл атқарады.

Шибөрі (Canis aureus) – орта көлемді жыртқыш. Көбіне топпен жүреді, өсімдікпен де, ұсақ жануарлармен де қоректенеді. 

Өткенде Шарын ұлттық саябағында сирек кездесетін құстар видеоға түсіп қалған еді