Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне жетті

Шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатындағы үшінші ойынында Франциядан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform. 

Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан жастар құрамасы қатарынан үшінші жеңісіне жетті
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға жалғыз жолдаманы 10-16 желтоқсан аралығында IA дивизионында Франция, Дания, Жапония, Венгрия және Аустрия құрамаларымен сарапқа салып жатыр.

Мамандар екі құраманы элиталық дивизионға шығуға басты үміткер ретінде санайды. Десе де ойын барысында қазақстандық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті.

Кездесу барысында қазақстандық құрамадан Дәулет Нұркенов 8, 52, Егор Смолянинов 31, Александр Ким 53-минутта мергендік танытты.

Айта кетсек, бұған дейін Венгрия (5:2) мен Дания (3:2) құрамаларынан басым түсті.

Енді қазақстандық хоккейшілер 14 желтоқсанда Жапониямен кездессе, 17 желтоқсанда Австриямен шеберлік байқасады.

Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионаты бірінші дивизионында алты мәрте ойнады. Төртеуінде жеңімпаз атанып, элиталық дивизионға жолдама алған еді.

Қазақстан жастар құрамасы элиталық дивизионда сегіз мәрте бақ сынады. Жоғары жетістігі – 1999 жылы алтыншы орын.

Соңғы жаңалықтар