Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словакиядан ірі есеппен жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM – Словакияның Пьештяни қаласында әйелдер арасындағы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу турнирінің үшінші кезеңі басталды. 

Қазақстан әйелдер құрамасы
Фото: ҰОК

Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Словакиядан 1:8 есебімен жеңіліс тапты.

Словакия – Қазақстан – 8:1 (3:0, 1:0, 4:1)

1:0 – 07:04 – Лопусанова (Истоцьова) ГБ

2:0 – 14:10 – Лопусанова

3:0 – 16:23 – Лопусанова (Капикакова)

4:0 – 22:07 – Лопусанова

5:0 – 43:34 – Халушкова (Беднарик)

5:1 – 45:08 – Молдабай (Оразбаева) ГБ

6:1 – 47:17 – Кубекова (Тотова)

7:1 – 51:10 – Лесковянска (Лопусанова) ГБ

8:1 – 59:22 – Кубекова (Немчекова, Истоцьова)

Айта кетейік, топтық кезеңде отандастарымыз Словения және Исландия командаларымен кездеседі.

Бұған дейін допты Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар