Шегені байлап, гірді тісімен көтеретін ақтөбелік жігіттер жаттығу залына мұқтаж

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Мәртөк ауданында мектеп мұғалімі күштік спорт түрін дамытып жүр. Әуесқой спортшылар шегені байлап, арматура майыстырып, тісімен салмағы 100 келі болатын адамды көтеріп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
None
None

Ақтөбенің Мәртөк ауданында тұратын Антон Полегонко мен оның шәкірттері көрерменін таңқалдырып жүр. Аудандағы №1 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі шеге майыстырады, әйнек үгіндісінің үстінде тұрып жаттығу жасап, кірпіш сындырады, 40 жолаушысы бар автобусты тартады. Күш иесі соңғы жылдары экстремалды қойылымдарын облыс орталығында көрсетіп жүр.

null

«Бір жылдан бері шоу бағдарламаларды көрсетіп жүрміз. Жастар қызығады, шыдамдысы өз күшін сынайды. Бұл қойылымдарды көрсету үшін табандылық керек. Кез келген адам алып күш иесі бола алады. Бірақ біреуі 1-2 жыл аралығында меңгеріп алса, кейбірі 10 жыл уақытын сарп етеді. Шәкіртім Руслан Әбілханов 6 жылдан бері жаттығады. Негізі гір, зілтемір көтеру, пауэрлифтинг, армлифтингпен айналысатын адамдардың мүмкіндігі мол»,- деді спортшы Антон Полегонко.

Спортшы күшті қажет ететін көрсетілімдерді алғашқыда газеттен көріп, қиындысын жинаған. Кейін интернет арқылы арнайы түсірілген бейнематериалдарды қарап, тәжірибе жинады. Тәуекелге көп барады. Жарақат алады, кейде ұзақ емделеді.

«Маған кірпіш сындырған және 40 жолаушысы бар автобусты тарту ұнайды. Бұл көрсетілімдерді іске асыру қиын. Кейде жарақат аламыз, жараның ізі қалады. Адамдар біздің мүмкіндігімізге қарап қызығады, іштен тынып отырады. Жабық кештерге шақырту алған жоқпыз. Бірақ ұсыныс түссе, қарсы болмаймыз. Күштік экстрим қызық әрі шығын. Біз өзімізге қажетті шеге, арматура, тапа секілді қажетті заттарды үнемі сатып аламыз. Шегені байлауға 30-50 секунд жеткілікті»,- деді спортшы.

null

Антон Полегонконың айтуынша, табиғи өніммен тамақтанып, қарапайым үй шаруашылығында жұмыс істеген адам үшін күштік экстримнің еш қиындығы жоқ екен. Ол қазіргі күні тісімен 70-100 келі болатын адамды көтеріп, бір қолымен сковородканы майыстыра алады. Арматураны мойынымен майыстырып, шеге байлайды. Алдағы уақытта шынжырды үзу шеберлігін меңгеруді жоспарлап жүр.

null

«Ауданда арнайы мектебіміз, жаттығу орнымыз жоқ. Қазіргі уақытта мектепте бір бөлме берілді. Бұл спорт түрін 50 жігіт меңгергісі келеді. Ал жаттығу бөлмесі бар болғаны 20 адамға арналған. Жаттығуға арналған құрал-жабдықтардың бәрі өзімдікі, кейбірін шәкірттеріп әкеліп, орнатып қойды»,- деді А.Полегонко.

Соңғы жаңалықтар