16:08, 10 Қазан 2013 | GMT +5
Шекара академиясында халықаралық конференция өтті
АСТАНА. 10 қазан. ҚазАқпарат - ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясында «Мемлекеттік шекараны Кедендік одақ жағдайында күзету мен жетілдірудің мәселелері» атты екі күнге созылған халықаралық ғылыми конференция болып өтті. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған іс-шараға көптеген елдерден, оның ішінде Ресей, Армения, Қырғызстаннан және тағы басқа елдерден келген әскери сарапшылар мен әскери ғалымдар қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе әрбір елдің шекара ведомстволарының іс-әрекеті тұрғысынан нақтылай мысалдармен талқыланды, қордаланған мәселелерді шешудің жолдары қарастырылды.
Қазақстан жағы Каспий теңізіндегі биоресурстардың қорғалуы, қазақ-ресей мемлекеттік шекарасын біріге күзету мәселесі бойынша сындарлы ұсыныстарын білдірді.
Халықаралық конференция соңында шекара ведомстволарының өкілдері мемлекеттік шепті қорғау бойынша ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік беретін бірқатар құжаттарға қол қойды.