Шекара мәселелерін реттеу Орталық Азияның дамуына берік негіз қалады — Рахмон

АСТАНА. KAZINFORM — Шекара мәселелерін толық реттеу Тәжікстан үшін тарихи оқиғалардың бірі болды. Бұл туралы бүгін ел парламентіне жолдаған жыл сайынғы Жолдауында Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Урегулирование пограничных вопросов обеспечивает прочную основу для развития ЦА — Эмомали Рахмон
Фото: president.tj

— 2025 жыл тәжік халқы мен тәуелсіз Тәжікстан мемлекеті үшін маңызды жетістіктер мен оқиғаларға толы тағы бір тарихи жыл болды, — деді Эмомали Рахмон.

Ол 2025 жылғы саяси оқиғалардың ең маңыздысы ретінде Меджлиси Намояндагон депутаттарының, жергілікті халық депутаттары жиналыстарының және Тәжікстан Республикасы Жоғарғы Меджлисінің мүшелерін сайлауды атады.

— Тағы бір тарихи оқиға — Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы жүз жылдан астам уақыт бойы шешілмей келген шекара мәселелерін толық реттеу, яғни мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы келісімге қол қойылуы, — деп атап өтті Э. Рахмон.

Президенттің айтуынша, мемлекет басшылары сонымен қатар Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасындағы үш елдің мемлекеттік шекарасының қосылу нүктесі туралы келісімге және Худжанд декларациясына қол қойған. Бұл құжаттар Орталық Азия аймағын дамытуға берік құқықтық негіз беріп, өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға мүмкіндік береді.

Еске салсақ, биыл наурызда Тәжікстан президентінің Қырғызстанға мемлекеттік сапары кезінде Эмомали Рахмон мен Садыр Жапаров мемлекеттік шекара туралы келісімге қол қойған еді.

Сонымен қатар Қырғызстан мен Тәжікстан су мәселелері бойынша ынтымақтастықты нығайтып отыр.

Соңғы жаңалықтар