Шекарада 4,3 млрд теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

АСТАНА. KAZINFORM — ҰҚК шекарада ел заңын бұзған 5 281 адамды ұстады, соның ішінде 4 493 шетел азаматы. Бұл туралы ҰҚК хабарлады. 

ҰҚК
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

ҰҚК шекарада ел заңын бұзған 5 281 адамды ұстады, соның ішінде 4 493 шетел азаматы.

4,3 млрд теңге сомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 476 фактісінің алды алынды, оның ішінде:
32 факті – есірткі заттары;
66 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (84 дана суық қару, 44 дана оқ-дәрі);
708 факті – көлемі 40 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;
489 факті – жалпы сомасы 2,1 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
181 факті – сомасы шамамен 2,2 млрд теңге болатын шетел валютасы.

Каспий акваториясында браконьерлікпен айналысудың 27 фактісінің алды алынды, 24,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 94 дана (658 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

Алдын алған шығын сомасы 285 млн теңге. Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 50 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 36 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 3526 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Айта кетелік ҰҚК Шекара қызметі темекі контрабандасының ірі партиясын анықтаған еді