«Шэньчжоу-21» кемесінің экипажы алғаш рет ашық ғарышқа шығуға дайындалып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Қытайдың «Шэньчжоу-21» ғарыш кемесінің экипажы алдағы күндері алғашқы ашық ғарышқа шығады. Бұл туралы ҚХР-дың Пилоттық ғарыштық ұшулар бағдарламасы басқармасы (CMSA) хабарлады, деп жазады Синьхуа.
1 қараша күні «Шэньчжоу-21» экипажы қытайлық орбиталық станцияға келген сәттен бастап бірқатар маңызды міндеттерді орындады. Олардың қатарында экипажды ротациялау, станция платформасына техникалық қызмет көрсету, арнайы қорларды тексеру және ретке келтіру, сондай-ақ экипаждың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз ету шаралары бар.
CMSA мәліметінше, экипаж төтенше жағдайларға әрекет ету бойынша жаттығулар өткізген, сондай-ақ станциядағы роботтандырылған манипуляторлармен жұмыс істеуді пысықтаған.
Ғылыми тәжірибелер мен зертханалық жұмыстар жоспарға сәйкес тұрақты түрде орындалып жатыр.
«Шэньчжоу-22» кемесі келгеннен кейін экипаж жаңа жеткізілген жабдықтар мен жүк партиясын сынақтан өткізіп, оларды жүйеледі.
CMSA хабарлауынша, «Шэньчжоу-21» экипажы өздерін жақсы сезінеді, ал станция қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Бұл ашық ғарышқа жоспарланған шығуды қауіпсіз орындауға толық мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін Қытай «Шэньчжоу-22» ғарыш кемесін ұшырған болатын.