Шенеуніктер үшін табысын жариялау міндеті 2025 жылға шегерілді

«Қазір өткен жылдың табысы бойынша барлық мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілетіндер және олардың жұбайлары есеп беріп жатыр. Иә, бұған дейін шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер жеке табысы туралы декларацияны толтыруы керек деген шешім қабылданды. Олардың қатарында саяси қызметкерлер, А корпусына жататын қызметкерлер, депутаттар және тағы басқалар болды. Дегенмен аталған норма 2025 жылдың қаңтарына дейін тоқтатылды және әзірге бұл мәселе қаралып жатқан жоқ», - деді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Спикердің түсіндіруінше, аталған нормаға ешқандай өзгерістер енгізілмесе, онда шенеуніктер мен мемлекеттік қызметшілер 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке табыстарын көпшілікке жариялауы тиіс.