Шенген визасына Қазақстан азаматтарының жалған мәлімет ұсыну деректері жиілеп кетті - СІМ

АСТАНА. KAZINFORM – Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Еуропа одағының виза беру процесі неге қиындағанын түсіндірді.

Қозоғистон ва Саудия Арабистони дипломатик паспорт эгаларини виза талабларидан озод қилди
Фото: Kazinform

«Қазір Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Еуропа одағы өкілдерімен визалық режимді жеңілдету бойынша жұмыстарды атқарып жатыр. Еуропа елдері консулдарының ақпаратына қарағанда, Қазақстанда жалған құжаттарды ұсыну деректері жиілеп кетті. Бұл өз кезегінде Шенген визасын беруден бас тарту фактілерінің өсуіне алып келеді», - деді А. Смадияров ведомстводағы апталық баспасөз мәслихатында. 

Бұл тұрғыда ол виза алу үшін жалған деректері бар құжаттарды ұсыну Қазақстан имиджіне елеулі зиян келтіріп, келіссөз жүргізуді қиындататынын айтты. Сондай-ақ болашақта визадан бас тарту мүмкіндігін арттыра отырып, азаматтарымыздың визалық мәліметтерін нашарлатады.

Мұндай жалған құжаттар мұқият тексерілетінін ескерсек, визалық өтініштерді қарау мерзімін ұзартады.

«Соның нәтижесінде азаматтардың визаны кешіктіру туралы шағымдары жиілеп кетті. Осыған байланысты қажет құжаттарды ұсыну, визаға өтініш беру, тиісті алымдарды төлеу процесін мұқият бақылауға шақырамыз», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар