Шерзат соты: сотталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді
ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр.

Бүгін сотта айыпталушы Дархан Әскентайдан жауап алынды. Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушыға бірнеше сұрақ қойды. Дегенмен, Дархан Әскентайдың қорғаушысы және өзге айыпталушылардың адвокаттары прокурордың іс-әрекетіне қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, мемлекеттік айыптаушы бұрмаланған сұрақтар қойып, эмоцияға берілген.
Прокурор заңсыз іс-әрекет жасамағанын және сот отырысына қатысуға Бас прокуратураның тапсырмасы бар екенін атап өтті.
Жәбірленуші тараптың адвокаттары соттан бұл өтінішті қанағаттандырмауды өтінді.
Сот шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Еске салайық, сотта айыпталушы Дархан Әскентай жауап берді.
Прокурор оқиғаның толық хронологиясын баяндады.
Айыпталушылардың көпшілігі кінәні мойындаған жоқ.
Сотта Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов ол кикілжің қалай басталғанын айтқан еді.
Сонымен қатар оқиға орнына алғаш барған полицейлер жауап берді.
Былтыр 4 қазан күні төбелестен 16 жастағы жасөпірім қайтыс болғанын жазған едік.
2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кетті. Алматы облысының Полиция департаменті бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша іс қозғады.
2024 жылдың желтоқсан айында Талғар маңында Шерзат ағасының денесі табылды.