Талғар қаласындағы төбелестен бір адам қайтыс болды

ҚОНАЕВ. KAZINFORM – Алматы облысы Талғар қаласында түнгі уақытта төбелес болып, салдарынан бір адам мерт болды. Полиция кісі өлтіру фактісі бойынша  қылмыстық іс қозғады. 

Талғар қаласындағы жанжалдан бір адам қайтыс болды
Фото: Polisia.kz

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер арасында жанжал туындаған. Кикілжің қарулы қақтығысқа ұласып, салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірі алған жарақатынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

– Кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық қатысушысы ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында болады, - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Сондай-ақ облыстық ПД тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жариялауға жатпайтынын ескертті.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда шетелдік азаматтың өлімі тексеріліп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар