Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалмады — министр

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов Шерзаттың әкесіне қатысты іс қозғалмағанын айтты. 

Шерзаттың әкесі
Фото: Видеодан скрин

Бүгін Парламент Мәжілісінде тілшілер Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовқа қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы ақпарат қаншалықты шындыққа жанасатынын сұрады.

— Жалпы, бұл жөнінде ресми сауал жіберіңіздер. Жалпы айтайын, Қаржаубайға қатысты қазір қылмыстық іс жоқ, — деді Ержан Саденов.

Еске салсақ, жақында Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат ісіне байланысты соттың қалай өткені туралы пайымын айтты

Биыл 3 маусымда сот отырысының жарыссөз кезеңінде сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев өз ойын айтты. Ол соңғы сөзінде Шерзат Полаттың өліміне Қаржаубай Нұрымовты күдікті деп тануды өтінді

5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Соңғы жаңалықтар