Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғала ма - Бас прокуратура жауабы

АСТАНА. KAZINFORM – Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін журналистердің сұрағына берген жауабында Шерзат ісіне байланысты соттың қалай өткені туралы пайымын айтты.

Шерзаттың әкесі
Фото: Видеодан скрин

- Шерзат Полаттың соты бойынша айтсақ, үкім әлі күшіне заңды енген жоқ. Тараптардың бәрінде шағым түсіретіндей мерзімі бар. Бірақ процестің өзін көргісі келген қазақстандықтардың бәрінде мүмкіндік болды деп ойлаймын. Процесс өте сапалы, ашық, объективті өткізілді деп есептеймін. Үкім шығарылған кезде бүкіл дәлел, куә материалдары ескерілді. Мұндай ашық процестердің мақсаты сот әділ өтіп жатқанын, ешкі ештеңені бүркемелеп отырмағанын көрсету еді, - деді ол.

Әсет Шындалиев
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Сондай-ақ, ол күдіктілердің туыстары айтқан Қаржаубай Нұрымовты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы талаптарға пікір білдірді. 

- Мен күдіктілердің туысқандарының немесе өзге біреулердің сөзіне сүйеніп қана пікір айта алмаймын. Қылмыстық іс қозғау үшін мәлімет жеткілікті болу керек. Іс қозғау туралы шешімді қылмыстық қудалау органы қабылдайды, - деді Бас прокурордың орынбасары.

Еске салсақ, 5 маусымда Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланған еді. 

Соңғы жаңалықтар