Шетелден ұшып келген 15 жолаушының ПТР анықтамасы жоқ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 30 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

2021 жылдың 30 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Мысыр, Мальдив Республикасы, Түркия, Оңтүстік Корея, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі келді.

5 148 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 5 133 адам, анықтамасыз - 15 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 3 090 жолаушы, анықтамамен – 3 079, анықтамасыз – 11;

- Шымкент қаласының әуежайына – 7 рейс, 961 жолаушы, анықтамамен – 960, анықтамасыз – 1;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 774 жолаушы, анықтамамен - 771; анықтамасыз - 3;

- Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 321 жолаушы анықтамамен келген;

- Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 2 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерінде COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

Анықтамасыз келген 13 ҚР азаматының ПТР-талдауы теріс нәтиже көрсетті.


Соңғы жаңалықтар