Шетелдік әріптестер қазақ етінің сапасын бағалады- Тараздағы бизнес-форумның қорытындылары
ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы хабарлағандай, қол қойылған келісімдер қатарында - ирандық «Diba Sun Co» компаниясымен жасалған жамбылдық халал қой етін Иранға жеткізу туралы 15 млн. теңгенің келісімшарты бар.
Компания басшылығының пікірінше, дәл қазақстандық етті таңдауға елдегі тұрақты саяси-экономикалық жағдаймен қатар, өнімнің сапасы да түрткі болған.
Қазақстандық тараптан келісімшартқа «Kazakh Beef Company» ЖШС қол қойды. Ведомствоның ақпараты бойынша, мал дәрігерлік қызметті ұйымдастыру, мал басын аттыру ғана көзделіп отырған жоқ, сонымен қатар, аймаққа әлеуметтік көмек көрсету, облыста жаңа жұмыс орындарын құру да ойда бар.
Сондай-ақ, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сендіргендей, Иранға жамбылдық еттің экспортталуы аймақ тұрғындарын осы өніммен қамтамасыз етуге ешқандай кері әсерін тигізбейді.