Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасын әртараптандыруға қатысуы тиіс - Н.Назарбаев

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат - Астанадағы Тәуелсіздік Сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 22-ші пленарлық отырысы өтті.
None
None

Отырысты аша отырып, Н.Ә.Назарбаев Қазақстан үшін 2009 жыл оңайға соқпағынын, бірақ табысты болғанын атап өтті. Жылдың басында дағдарысқа қарсы бағдарлама бекітілді. Соның нәтижесінде үшінші тоқсанда екінші тоқсанмен салыстырғанда жалпы ішкі өнім 1,5 пайызға өсті. Он айдың ішінде Қазақстанның өнеркәсіп өнімі өткен жылғы осы кезеңдегі деңгейге жетті.

Қазақстан бір орында тұрып қалған жоқ. Еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуының бес жылдық бағдарламасының жобасын әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды. Енді соның аясында экономика мен өнеркәсіптің дамуының басым бағыттары анықталды.

Президент Кеңес мүшелерінің назарына Қазақстанда жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып отырғанын жеткізді.

- Сіздерде айтарлықтай мүмкіндіктер бар, сіздер мұнда көптен бері жұмыс істеп келесіздер, біздің арамызда сенімге негізделген серіктестік қатынастар орныққан, біз сіздермен келешекте де бірге жұмыс істейтін боламыз - бұл бизнесті табысты жүргізудің ең басты факторы. Алдымызда көптеген тиімді бірлескен жобалар күтіп тұрғанына сенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Отырыс барысында Шетелдік инвесторлар кеңесінің мүшелері отырыс тақырыбының көкейкесті проблемаларын және Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының өзге маңызды мәселелерін талқылады.

Отырысты қорытындылай келе, Президент Кеңес мүшелеріне инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі қызықты бастамалары мен жаңа ұсыныстары үшін алғысын айтты.
Мемлекет басшысы шетелдік инвесторлар назарын Қазақстан экономикасын диверсификациялауға қатысу қажеттігіне аударды.

- Біз диверсификациялауға және шикізатты өндіруге бағытталған нақты жобаларды жүзеге асыруды ұсынатындармен жұмыс істейміз. Бұл елімізде кей салалар бойынша шешімін таппаған жобалар барын білдіреді, біз тиімді жағдайлар мен жобалрға қатысты ресурстарды ұсына отырып, жаңа серіктестер іздейтін боламыз. Бұл мәселеде іс жүзінде 2020 жылға дейінгі еліміздің индустриялық даму бағдарламасы аясында нақты жұмыстар жүзеге асырылады деп санаймын. Біз Қазақстанның байлығын игеру жолында еңбек ететін барлық инвесторларды міндеттемесі болатындай заңдарды қабылдаймыз, осы бағдарлама тығыз байланыстыратын болады, - деп атап өтті Президент.

Мемлекет басшысы 22-ші пленарлық отырыстың қорытындысы бойынша Үкіметке және «Самұрық-Қазына» қорына нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар