Шетелдік көліктерді заңдастыру: 879 адам жаңа нөмір алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі шетелдік автокөліктерді заңдастырудың үшінші күнінің нәтижесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шетелдік көліктерді заңдастыру: 879 адам жаңа нөмір алды

«Қазіргі уақытта 13 мың өтінім алдын ала мақұлданған. 879 адам өз көліктерін сәтті заңдастырды. Оларға қазақстандық техпаспорттар мен мемлекеттік нөмірлік белгілер берілді», - деп жазды ведомстводан.

Айта кетейік, кеше Қазақстанда 333 адам шетелдік көлігін заңдастырып, жаңа нөмір алғанын жазғанбыз.