Шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат қала

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сингапур шетелдіктер үшін әлемдегі ең қымбат мегаполис атанды. 

Эксперттер 160 тауар түрі мен қызметті қарастырған. Атап айтқанда, тамақ, киім, үйішілік тауарлар, косметика, пәтерді жалға алу, көлік шығындары, мектеп пен балабақшаға төлеуді есептей келе, әлемдегі ең қымбат он қала анықталған. Олардың басым бөлігі - азиялық мегаполистер. Мұнда бірінші орынды Сингапур, екінші орынды Гонконг еншілесе,  үшіншісі - швейцариялық Цюрих. Бестікті тиісінше жапондық Токио мен Осака түйіндеп отыр.

Еуроаймақта тек Париж ғана тізімге енген. Ол оныншы орында, деп жазады британдық Economist Intelligence Unit журналы.

Айта кеткен жөн, Сингапур қатарынан төртінші жыл ең қымбат қала аталып отыр. Мұнда киім мен автомобильдер құны аса жоғары.

Соңғы жаңалықтар
telegram