Шетелдік валюта қаншадан саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 475,00 теңгеден сатып алынады, 482,00 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 553,00 теңге, сату - 563,00 теңге;
- рубль: сатып алу - 6,38 теңге, сату - 6,68 теңге;
- юань 67,88 теңгеден сатып алынады, 73,18 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 476,39 теңге, сату - 479,86 теңге;
- еуро: сатып алу - 554,59 теңге, сату - 560,49 теңге;
- рубль 6,39 - 6,53 теңге аралығында саудаланады.
- юань 68,08 - 70,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 26 мамыр күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,84 теңгеге өсіп, 477,48 теңге болды.