Шетелге жолдама сатып аларда оператордың «Туристік Қамқормен» келісімшарты болуын тексеру қажет

«2016 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметі туристік операторлар өз міндеттемелерін дұрыс орындамаған немесе орындамаған жағдайда қазақстандық туристерді тасымалдау мәселесін реттейтін қаулы жобасын мақұлдады. Аталған жаңалық ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейінгі 10 күнтізбелік күннен соң қолданысқа енді», - деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали.
Оның айтуынша, алақол туроператорлардың кінәсінен қазақстандық туристер шет елдерде қонақтайтын орынсыз және/немесе кері қайтар билетсіз қалған жағдай туындағанда «Туристік Қамқорлық» корпоративтік қоры қазақстандық туристерді уақытша тоқтаған елден республикаға тасымалдау шараларын қабылдайтын болады.
«Осыған орай ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті Қазақстан Республикасы азаматтарының туристік өнім сатып алу барысында туристік компаниядан турөнімді қалыптастырған туроператор мен «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры арасында жасалған келісімшарттың болуы туралы ақпаратты анықтауға назарын баса аудартады», - деп атап өткен Иғали.
Жүйе мынадай көлемде банктік кепілдің болуын міндеттейді: туроператорлар үшін 5000 АЕК (10 605 000 теңге), әуе кемесін жалдаушы туроператор үшін 15000 АЕК (31 815 000 теңге).