08:43, 12 Желтоқсан 2012 | GMT +5
«Шідерті-Қарағанды» тас жолында тұрып қалған КамАЗ-дың екі жүргізушісі құтқарылды - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Шідерті-Қарағанды» тас жолында тұрып қалған КамАЗ-дың екі жүргізушісі құтқарылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Сейсенбі, 11 желтоқсан күні 112 нөміріне Павлодар облысындағы Екібастұз ауданына қарасты Шықылдақ елді мекенінің қасында, «Шідерті-Қарағанды» тас жолында дизельдік отыны қатып қалған «КамАЗ» жүк көлігінің ішінде екі жүргізуші қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ҚР ТЖМ Павлодар облыстық ТЖД-нің Екібастұз қалалық жедел-құтқару жасағының (2 адам мен 1 техника) күшімен жүргізушілер қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккендер жоқ.