Шиелі кентінде жаңа стадион ашылды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 13 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі кентінің «Көкшоқы» шағын ауданында облыста жүріп жатқан «Тәуелсіздіктің 20 жылына - 20 әлеуметтік нысан» мәдени-көпшілік шарасы шеңберінде 150 орындық стадион пайдалануға берілді.
Үстіміздегі жылғы тамыз айында құрылысы басталған бұл сауықтыру кешеніне облыстық бюджеттен 101 млн. теңге қарастырылды. Ал құрылысты Туран-Стройпроект» ЖШС қысқа мерзім ішінде сапалы жүргізіп, аяқтап шықты. Спорт кешенінде футбол ойнайтын жасанды алаң, жеңіл атлетикалық сектор бар.