17:24, 23 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Шиелі кентінде жаңа стадионның құрылысы қызу жүріп жатыр - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы Шиелі кентіне қарасты «Көкшоқы» шағын ауданында 150 орындық стадион құрылысы қызу жүріп жатыр. Бұдан бір ай бұрын басталған бұл спорт кешінінің бас тапырыс беруші «Казатомпром-Демеу» ЖШС 80 000,0 мың теңге бөліп отыр. Оны бас мердігер «Туран-Стройпроект» ЖШС жүргізуде.
Стадион футбол ойнайтын жасанды алаңнан, жүгіру алаңынан және бір ядро лақтыру секторынан тұрады. Одан бөлек қосымша ойыншыларға арналған орындықтардан, бір комплект екі дана стационарлық қақпадан және екі комплект төрт дана кіші футболға арналған қақпадан, сонымен бірге алты дана флагшток пен бір дана көрсеткіш қабырғамен жабдықталатын болады.
Стадион құрылысы жұмыстарын аяқтау жоспар бойынша ағымдағы жылдың 30 қарашасында аяқталып толық пайдалануға беріледі деп күтілуде.