Шиеліде «Демеу» қоры мүгедек балаларға арналған балабақшаны іске қосады
ҚЫЗЫЛОРДА. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамына қарасты «Демеу» қоры Шиелі ауданында мүгедек балаларға балабақшаны пайдалануға бермекші. Қазір оның соңғы жұмыстары жүріп жатыр.
Аталмыш қор бұл ауданда бұдан да басқа көптеген құрылыс нысандарын өз қаражатына салып берді. Олардың қатарында 150 орындық «Айналайын» балалар бақшасы, спорт кешені, «Арман» мәдениет үйі, «Ғарыш» атты мейрамхана, 40 орындық монша бар.