10:49, 06 Сәуір 2010 | GMT +5
Шиеліде «Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі» атты кеш өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Сәуірдің 6-ы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Шиелі ауданының Жөлек ауылдық мәдениет үйінде «Өшпес ән мен тозбас жырдың дүлдүлі» атты кеш өтті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстанның халық ақыны Нартай Бекежановтың 120 жылдық мерейтойы аясындағы бұл шараға ақын мұрасын жалғастырушы ізбасары Құрманбек Бекпейісов қатысты. Оның шәкірттері Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттері Дастан Қаюпов пен Нұртілек Ақтаев және №129 орта мектеп оқушысы Мұхамедәлі Бекпейістердің орындауындағы Нартай туындыларына өнерсүйер қауым ықыласпен қол соқты.