Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шиелідегі Ыбырай Жақаев атындағы саябақ көпшілік үшін көркем мекенге айналды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Шиелі шырайлана түспесе, ажарынан айырыла қоймаған. Даңқты диқан, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атындағы саябақ осыдан екі-үш жыл бұрын қолға алынғанда бұл істі қолдаушылар да, оған күмәнмен қарағандар да аз болған жоқ.

Шиелідегі Ыбырай Жақаев атындағы саябақ көпшілік үшін көркем мекенге айналды

Пердәлі Архабаев басшылық жасап, ұйымдастырған бұл саябақта 9 мыңнан астам саялы ағаш, 9500 гүл өсіп-өніп, жайнап-жайқалып тұр, деп хабарлады аудан әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Саябақта шафран, питунья тәрізді гүлдердің бірнеше түрлі сорты бар. Барлығы 2 гектар жерге орналасып көк-жасыл, қызыл-ақ түске боянған мұндай көлемді аймақты көзбен көрудің өзі бір ғанибет. Мұндағы жұмыстың барлығын небәрі 7-8 жұмысшы атқарады: егеді, суарады,тыңайтады, баптайды. Саябаққа келген қонақтар суретке түседі, демалады. Не ексең де өсіп-өне беретін Шиелі жерінің өзіндік киесі бар дейді жергілікті жұртшылық.