Шығыс Қазақстан халқы көбінесе қай салаларға қатысты шағым түсіреді

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында тұтынушылардың көбіне қай қызмет салаларына жиі шағымданатыны белгілі болды.

Шығыс Қазақстан халқы көбінесе қай салаларға қатысты шағым түсіреді
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметіне сүйенсек, өткен жылы тұрғындар тарапынан барлығы 920 арыз-шағым түскен. Ал жыл басынан бері 239 шағым түскен.

— Былтыр тұрғындар тарапынан ең көп шағым бөлшек сауда саласына қатысты түсті — 389. Электрондық коммерция саласында 231, тұрмыстық қызмет көрсету саласында 180 шағым тіркелді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, қоғамдық тамақтандыру, білім беру, медициналық және байланыс қызметтеріне қатысты да жазбаша шағымдар жасалды, — дейді департамент басшысы Асхат Сағидолдин.

Осы арыз-шағымдардың қорытындысы бойынша 197 әкімшілік іс қозғалды. Ескертулер жасалып, айыппұл салынып, кінәлілер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да биыл сапасыз медициналық қызметке қатысты 100-ге жуық шағым түскені хабарланған

Соңғы жаңалықтар