Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шығыс Қазақстан облысындағы орман өрті ауыздықталды

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы 13 тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы «Асу Бұлақ» мемлекеттік мекемесінің аумағында тіркелген орман өрті бойынша жағдай бақылауда.

орман өрті
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, 114-орамдағы орман өрті ауыздықталды. Қазіргі уақытта оны толық сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Ал 113-орамдағы өрт бойынша оқшаулау және толық сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге барлығы 43 техника, 224 адам және 4 тікұшақ жұмылдырылған. Қазіргі уақытқа дейін әуеден 100 рет су төгілген.

Жағдай Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тұрақты бақылауында.

Еске салайық, бұған дейін 14 тамызда Қазақстанның орман қоры аумағында 10 орман өрті тіркелгенін жазғанбыз.