Шығыс Қазақстанда 120 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысында бір жылда 120 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Шығыс Қазақстанда 120 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Облыс бойынша пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Надежда Михейлис мәлім етті.

– Президент тапсырмасына сәйкес, 2022 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан жұмыс нәтижесінде облыс бойынша жалпы көлемі 463,8 мың гектар жер қайтарылды. Былтыр аймақ бойынша 120 мың гектар жер мемлекет қарамағына өтті, - деді ол.

Бүгінде облыс аумағы 9 785,9 мың гектарды құрайды. Соның 36 пайызы – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер, ал 64 пайызы өзге санатқа жатады. 

– Қайтарылған алқаптарды тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығын дамыту мен жайылым тапшылығын азайтудың маңызды тетігі. 2026 жылға бекітілген жоспар 40 мың гектарды құрайды. Қазірдің өзінде оның 14 мың гектары немесе 35 пайызы мемлекет меншігіне өтті, - дейді Н. Михейлис. 

Еске салсақ, осыған дейін биыл жер қойнауын игеру келісімшарттарына ревизия жасалатыны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум