Шығыс Қазақстанда соңғы үш айда 125 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандар саны көбейіп келеді. 

Шығыс Қазақстанда соңғы үш айда 125 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform

Жыл соңындағы соңғы үш айда өңір бойынша жедел респираторлық вирустық инфекцияның 125 143 жағдайы тіркелді. Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Бұл туралы ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен хабарлады. ЖРВИ-ден бөлек, облыс зертханаларында тұмаудың зертханалық жолмен расталған 182 жағдайы тіркелген. 

— Барлық жағдайда A/H3N2 вирусы, яғни Гонконг тұмауы анықталды. Өңірде бұл вирусты жұқтырғандардың 92-сі — 14 жасқа дейінгі балалар. Айта кету керек, тұмаудың бұл түрі маусымдық, қалыпты таралатын вирус. Ол жыл сайын әлем бойынша айналымда болады, сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ. Бұл вирусқа қарсы тиімді алдын алу шаралары бұрыннан әзірленген, — деді департамент басшысы Қанат Тұрдыев.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандардың арасында ауыр сырқаттанғандар жоқ екендігі хабарланған.

Соңғы жаңалықтар