Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза болды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғасынан 3 адам көз жұмды.

Шығыс Қазақстанда жол апатынан 3 адам қаза болды
Фото: куәгерлерден

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты желтоқсанның 7 күні «Шемонаиха-Усть-Таловка» тасжолында болған.

— Toyota Corona Premio мен Toyota Hilux маркалы автокөліктер соқтығысты. Соның салдарынан Toyota Corona Premio көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалып, соның нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. 

Еске салсақ, осыған дейін Ақтөбеде үш көлік соқтығысып, жүргізуші мен жолаушы көз жұмғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар