Шығыс Қазақстанның Шанағатты ауылында аяз -56 градусқа дейін жетті
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданындағы Шанағатты ауылында аяз -56 градусқа дейін жетті.
Соңғы күндері ел аумағында ауа температурасы күрт суытып кетті. Әсіресе Шығыс Қазақстанда аяз күшіне еніп тұр. 15 қаңтарда Алтай ауданындағы Парыгино ауылында сынап бағанасы -45 градусқа дейін төмендесе, 16 қаңтарда таңертең -53 градусқа жеткен.
Ал 17 қаңтарда бұдан да суық ауа райы тіркелді. Облыс әкімдігінің мәліметінше, Марқакөл ауданы Шанағатты ауылында ауа температурасы -56°C-ға дейін төмендеді.
Осы ретте, құтқарушылар өңір жұртшылығына аязда ашық ауада болу уақытын шектеп, мүмкіндігінше алыс сапарға шығуды кейінге қалдыру қажеттігін ескертті.
Еске салсақ, осыған дейін Шығыс Қазақстандағы ауылдардың бірінде аяз -53 градусқа дейін жеткенін жазғанбыз.