09:20, 01 Қазан 2025 | GMT +5
Шығыс Қазақстанның тағы бір қаласында жылыту маусымы басталды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысы Алтай қаласында жылыту маусымы басталды.

Бұған қатысты Алтай ауданының ТҮКШ, жолаушы көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының бұйрығы шықты.
— 29 қыркүйектен бері ауданның әлеуметтік нысандарына жылу беріліп келеді. Ал 30 қыркүйектен Алтай қаласындағы көпқабатты және жер үйлерге жылу беріле бастады. Жылуға қосылу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, — деп хабарлады аудан әкімдігінен.
Еске салсақ, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 24 қыркүйектен бері жылу беріле бастаған.
Ал Өскемен қаласында 1 қазаннан бастап үйлерге жылу берілетіндігі хабарланған.