Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Шілденің 20-ынан бастап Қазақстан-Қырғызстан шекарасы қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді

АСТАНА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Шілденің 20-ынан бастап Қазақстан-Қырғызстан шекарасы қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен дәстүрлі апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Шілденің 20-ынан бастап Қазақстан-Қырғызстан  шекарасы қалыпты жұмыс тәртібіне көшеді

«Атап айтқанда, бұл тауарлардың номенклатурасы бойынша бұдан бұрын қойылған шектеуге тыйым салуға қатысты», - деді ресми өкіл. А. Әбдірахмановтың айтуынша, Қазақстан тарабы бұл мәселе тұрғысында дипломатиялық арналар арқылы Қырғызстан жағын ескертіп өткен.