17:56, 11 Сәуір 2025 | GMT +5
«Шымбұлақта» сырғанау маусымы жабылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM — «Шымбұлақ» тау курортының баспасөз қызметі қысқы маусым 13 сәуірде жабылатынын хабарлады.

Сондай-ақ тау курортының мәліметіне сәйкес, жазғы маусым алдында аспалы арқан жолдарға профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
— 2025 жылдың 12 мамырынан 31 мамырына дейін аспалы арқан жолдар профилактикаға жабық болады. Бұл уақытта курорт жұмыс істемейді. Курортқа келуді жоспарлағанда осы ақпаратты ескеріңіздер, - деп хабарлады «Шымбұлақтан».
Бұған дейін Шымбұлақта жасанды жолмен қар көшкіні түсірілгенін жазғанбыз.
Еске салайық, «Медеу» мұз айдыны осы сырғанау маусымынан кейін бірнеше жылға жабылады.