Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды

ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Шымкентте жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды.

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірді деген күдікті ұсталды
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді.

Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.

– Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады, - деп хабарлады қалалық Полиция департаменті.

Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген адам іздестіріліп жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар